Қазгидромет РМК еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.
19 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с, бұршақ күтіледі.
19 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с күтіледі.
Ақтөбе қаласында түнде найзағай болады.
19 шілдеде тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан 15-20 м/с жел шаңды дауылмен күшейеді.
19-21 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 40-43С қатты ыстық күтіледі.
19 шілдеде күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде, 20-21 шілдеде кей жерлерде 43С қатты ыстық болады деп күтіледі.
19-21 шілдеде таңертең және күндіз кей жерлерде солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел, шаңды дауыл сақталады.